“Мәңгілік жаса, қыран елім” әдеби сазды кеші өтті.

22 қазан күні орталық кітапхананың “Білім” орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай “Мәңгілік жаса, қыран елім” әдеби сазды кеші өтті.

Кеш барысында оқырмандарға Республика күнінің тарихы мен маңызы туралы айтылып, Отан, жер, ел бірлігі мен тәуелсіздік тақырыбындағы ақын-жазушылардың өлеңдері оқылды. Сонымен қатар оқушылар домбыра мен баянның сүйемелдеуімен әсем әуендер орындап кештің мазмұнын байыта түсті. Ұлттық аспаптың күмбірлеген үні мен баянның әуезді сазы қатысушыларға ерекше көңіл күй

сыйлады. Іс-шараның мақсаты-ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру және туған елге деген құрметті арттыру.