«Қыран елім-Қазақстаным!»атты тарихи патриоттық кеш өткізілді.

22 қазан күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушыларымен 25 қазан Республика күніне орай «Қыран елім-Қазақстаным!»атты тарихи патриоттық кеш өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы Республика күнімен құттықтап, Қазақстан тәуелсіздікке жету жолы қазақ халқының арманы-мұраты, ата-бабаларымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жасаған күресі тарихта мәңгі сақталып қалатынын атап өтті.Кеш соңында оқушылар “Көк тудың желбірегені” әнін орындады.