«Отаным менің – Қазақстан» атты тәрбие сағаты өтті.
22 қазан күні Шоқпар ауылдық кітапханасында 25 қазан – Республика күніне орай оқушыларға арналған «Отаным менің – Қазақстан» атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының тарихы, мемлекеттік рәміздері және еліміздің тәуелсіздік жолындағы жетістіктері туралы мағлұмат берілді. Оқушылар Отан туралы өлеңдер оқып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды.


