«Хикметке толы ғибратты өмір» өмірбаяндық шолу ұйымдастырып өткізді.
20 қазан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері түркі халықтарының ұлы ойшылы, ақын, діни қайраткер, сопылық әдебиеттің көрнекті өкілі Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын, рухани мұрасын және тарихи еңбегін таныстыру мақсатында «Хикметке толы ғибратты өмір» өмірбаяндық шолу ұйымдастырып өткізді.
Шара барысында Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолы, дүниетанымы, діни-философиялық көзқарастары және түркі халықтарының рухани мәдениетіне қосқан үлесі туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар оның әйгілі «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») кеңінен насихатталып, оқушылар тақырыпқа сай қойылған сұрақтарға жауап берді.




