Бақыт Исаеваның 70 жылдық мерейтойына арналған әдеби марафон өтті.
19 қазан күні №1 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен Жібек жолы лицейі оқушыларының қатысуымен ақын Б. Исаеваның 70 жылдық мерейтойына арналған әдеби марафон өтті.
Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасалып, мерейтой иесінің әдеби мұрасы таныстырылды. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, поэзияның сырлы әлеміне бойлады.




