«Халық сүйген қаламгер» атты әдеби сағат өткізілді.
19 қазан күні Оразалы ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің 7-сынып оқушыларының қатысуымен көрнекті қазақ жазушысы, көркем сөздің шебері Сайын Мұратбековтің 90 жылдық мерейтойына орай «Халық сүйген қаламгер» атты әдеби сағат өткізілді.Шара барысында кітапханашы оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы кеңінен мағлұмат беріп, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен әдеби мұрасының маңызын түсіндірді. Сонымен қатар қаламгердің шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері мен кейіпкерлер әлеміне тоқталып, оқушыларды жазушының туындыларын оқуға шақырды.




