«Жамбыл Жабаевтың поэзиялық мұрасы» атты поэзия сағаты өткізілді.

15 қазан күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен«Бір ел-бір кітап » ақциясы аясында қазақ поэзиясының алыбы, жыршы-ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған «Жамбыл Жабаевтың поэзиялық мұрасы» атты поэзия сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға Жамбыл Жабаевтың өмір жолы, ақындық өнері және қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі туралы мағлұмат берілді. Ақынның халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған жырлары, ел бірлігі мен ерлікті дәріптеген өлеңдері кеңінен таныстырылды.

Сонымен қатар Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім», «Алғадай туралы әрбір ой», «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты шығармаларының мазмұнына тоқталып, олардың тарихи және тәрбиелік мәні түсіндірілді. Қатысушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, жырларындағы отансүйгіштік, адамгершілік, елге деген сүйіспеншілік идеяларын талқылады.

Поэзия сағаты барысында кітап көрмесі таныстырылып, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты әдебиеттер ұсынылды.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, детская игрушка и текст