«Жастар – әдебиетіміздің ертеңі» атты әдеби портал өткізілді.
15 қазан күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көрнекті қазақ жазушысы, көркем әдебиеттің шебері Сайын Мұратбековтің 90 жылдық мерейтойына орай «Жастар – әдебиетіміздің ертеңі» атты әдеби портал өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, қазақ әдебиетінде алатын орны мен шығармаларының тәрбиелік мәні туралы кеңінен мағлұмат берілді. Сонымен қатар қаламгердің адамгершілік, мейірімділік, туған жерге деген сүйіспеншілік тақырыптарын арқау еткен туындыларына шолу жасалды.


