“Парасат” әуесқойлар клубының мүшелерінің қатысуымен өткізілді.

13 қазан күні Далақайнар ауылдық кітапхансында «Дін ислам имандылығы» тақырыбында дөңгелек үстелді ауылымыздың имамы Көдебаев Дүйсенғали және “Парасат” әуесқойлар клубының мүшелерінің қатысуымен өткізілді.

Іс- шара барысында кітапханашы оқырмандарға «Діни сауаттылық» мәселелері қоғамда ең өзекті мәселелрге айналғаны туралы айтып өтті.

Шараға қатысқан ауыл мешітінің имамы Көдебай Дүйсенғали адал жолда адаспауы үшін, имандылыққа, инабаттылыққа баулу, иманды қоғам құру туралы айтып өтті. Сонымен қатар оқырмандар арасында көптеген сұрақтар қойылып, қатысушылар ой – пікірлерін ортаға салды.