«Кітап – рухани азық» тақырыбында әдеби шолу өтті.
2 қазан күні Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері ұйымдастыруымен «Кітап – рухани азық» тақырыбында әдеби шолу өтті.
Іс-шараға Жастар орталығының қызметкерлері қатысып, өздері оқыған көркем шығармаларымен бөлісті. Қатысушылар сүйікті кітаптары туралы ой-пікірлерін ортаға салып, шығармалардың мазмұны мен тәрбиелік мәнін талқылады.
Шараның басты мақсаты: жас оқырмандарды кітап оқуға баулу, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру және рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау




