«Қариялы ел – қазыналы ел» атты әдеби кеш өтті.
1қазан күні Сауытбек ауылдық кітапханасы мен клуб меңгерушісінің ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қариялы ел – қазыналы ел» атты әдеби кеш өтті.
Кешке көпбалалы аналар, асыл әжелер мен аяулы ұстаздар қатысып, ақ баталарын беріп, өмірлік өнегелерімен бөлісті.
Оқырмандар қонақтарға әннен шашу шашып, әсем билерін тарту етті. Жылы лебізге толы кеште үлкендерге құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды.





