«Қазыналы қарты бар жазулы тұрған хатпен тең» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

1қазан күні Алға ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қарттарды құрметтеу, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында «Қазыналы қарты бар жазулы тұрған хатпен тең» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Кездесуге ауылдың ақсақалдары мен ардагерлері, кітапхана оқырмандары және ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында қазыналы қарттардың ел тарихындағы орны, олардың өмір жолы мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесі туралы сөз қозғалды. Қонақтар өздерінің еңбек жолы, балалық шағы, ауылдың өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы естеліктерімен бөлісті.