«Қарияларға қамқорлық көрсетейік» тәрбие сағаты ұйымдастырып өткізді.

1қазан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Халықаралық егде адамдар күніне орай «Қарияларға қамқорлық көрсетейік» тәрбие сағаты ұйымдастырып өткізді.

Іс шара барысында оқушыларға Қарттар күнінің маңызы түсіндіріліп, үлкендерді құрметтеу, оларға қамқорлық көрсету және ізет білдіру туралы әңгіме жүргізілді.

Оқушылар өздерінің ата-әжелері туралы жылы лебіздерін білдіріп, қарт адамдарға деген құрметтерімен бөлісті. Сонымен қатар, кітапхананың кішкентай оқырманы би билеп өнерін көрсетті.