«Қарттарым – асыл қазынам» атты әдеби-сазды кеш өтті.
1қазан күні Балалар мен жасөспірімдер кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кешке көпбалалы аналар, асыл әжелер мен аяулы ұстаздар қатысып, ақ баталарын беріп, өнегелі әңгімелерімен бөлісті. Оқырмандар қонақтарға күйден шашу шашып, ән-жырдан тарту жасады.


