«Поэзия – жүрек үні» атты сыр кеші өткізілді.
30 қыркүйек күні Шоқпар ауылдық кітапханада қазақтың ақыны Жанат Әскербекқызының 60 жылдық мерейтойына орай «Поэзия – жүрек үні» атты сыр кеші өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты: оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру.
Кеш барысында кітапханашы Жанат Әскербекқызының шығармашылық жолына тоқталып, ақынның әдебиеттегі өзіндік орны туралы кеңінен әңгімеледі. Оқушыларға ақын шығармаларындағы негізгі тақырыптар таныстырылып, поэзияның адам өміріндегі маңызы туралы түсінік берілді.Сонымен қатар «Жырдан туған сыр», «Жырды жүрекпен оқиық» бөлімдері бойынша оқушылар ақын өлеңдерін оқып, өз ойларымен бөлісті.




