«Күмбірле, күйім елімде!» атты әдеби вернисаж өткізілді.

28 қыркүйек күні Бәйдібек ауылдық кітапханасында қазақтың күй өнерін насихаттау, ұлттық музыкалық мұраны дәріптеу мақсатында «Күмбірле, күйім елімде!» атты әдеби вернисаж өткізілді.

Іс-шара барысында қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан күй өнері, домбыраның ұлттық мәдениетіміздегі орны туралы айтылды. Күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылық жолы мен өнердегі еңбегі таныстырылды. Күйшінің «Ерке сылқым», «Жетісу сазы», «Әулиеата», «Көкшолақ» және басқа да шығармалары туралы мағлұмат берілді.

Әдеби вернисажда кітап көрмесіне қойылған әдебиеттер таныстырылып, күй өнерінің ерекшеліктері мен қазақтың дәстүрлі музыкасының ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы сөз болды. Қатысушылар ұлттық өнерге байланысты сұрақтарға жауап беріп, күй тыңдап, өз ойларымен бөлісті.