«Ұлт руханиятының қорғаны» өнеге сағаты болып өтті.

28 қыркүйек күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында Домалақ ене орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығына арналған «Ұлт руханиятының қорғаны» өнеге сағаты болып өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы жазушының қаламгерлік мұрасын жан-жақты түсіндіріп берді.Жазушының тарихи романдары мен повестеріндегі ұлттық сана ,елдік идея,көші-қон тағдыры,шекара сыртындағы қазақтардың өмірі мен рухани болмысын туралы кеңінен насихаттап берді.

Мақсаты: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі,жазушы Қабдеш Жұмаділовтың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру.