«Өсиетке толы өнегелі мұра» атты тағылымды кездесу кеші өтті.
24 қыркүйек күні Орталық кітапхананың «Білім» орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету дәстүрін дәріптеу мақсатында «Өсиетке толы өнегелі мұра» атты тағылымды кездесу кеші өтті.
Кездесуге аудандық Ақсақалдар алқасының мүшелері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Кеш барысында ақсақалдар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтып, адамгершілік, еңбекқорлық, үлкенге құрмет, елге қызмет ету сынды ізгі қасиеттер жайында өнегелі әңгімелер өрбітті.


