«Парасат тұнған поэзия» атты сыр кеші өтті.

24 қыркүйек күні №2 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар ақын Айша Көпжасарованың 85 жылдығына орай «Парасат тұнған поэзия» атты сыр кеші өтті.Жыр әлемінде өзіндік орны бар тараздық ақын Айша Көпжасарованың есімін өлең сүйетін оқырман қауым жақсы біледі. Ақын жарты ғасырға жуық уақыттан бері табиғатты, туған жерді, махаббатты, адам бойындағы ізгілік пен жақсылықты жырлап келеді.