«Күмбірле күйім елімде» әдеби вернисаж өтті.
23 қыркүйек күні Көктөбе ауылдық кітапханасында Жамбыл обласының тумасы, күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері,«Парасат» орденінің иегері, 1964 жылдан Шу аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болған, 30 жылдан астам уақыт«Шу еркесі» халық аспаптар ансамбліне жетекшілік еткен Әбдімомын Желдібаевтың мерей тойына орай «Күмбірле күйім елімде» әдеби вернисаж өтті. Іс шара барысында кітапханашы оқырмандарға күй жанрында өзгеге ұқсамайтын өзіңдік қолтаңбасы, орындаушылық дәстүрі бай күйші Ә. Желдібаев қазақ музыка мәдениетінің тарихында күй мұрасын халық шығармашылығың биік шыңына шығуына өзіндік үлес қосқаны жайында маңызды ақпараттар беріп, тұлғаның қазақ өнерінің алтын қорына енген «Өмір дастан», «Жетісу сазы»,«Шабыт»,«Ерке сылқым» т. б. күйлері халық жүрегіне берік орнап, сұлулықтың, ізгі дүниенің бір мұрасы болып қалады деп жеткізді.




