«Туған жер – қазынам» атты дөңгелек үстел өткізілді.

23 қыркүйек күні №1 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен Төле би атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Туған жер – қазынам» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар туған жердің адам өміріндегі маңызы, туған өлкенің тарихы, табиғаты, мәдениеті мен құндылықтары туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар туған жерді қорғау, оның табиғатын аялау, тарихи-мәдени мұраларды сақтау жөнінде пікір алмасты.

Дөңгелек үстел барысында «Туған жер дегенді қалай түсінеміз?», «Туған жерді көркейтуге қандай үлес қоса аламыз?» деген сұрақтар төңірегінде еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқушылар туған жерге деген ыстық ықыластарын білдіріп, өздері білетін тарихи орындар мен туған өлкенің көрікті жерлері туралы әңгімеледі.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, больница и текст