«Айшаның айшықты нақыштары» тақырыбында сыр кеші ұйымдастырылды.

23 қыркүйек күні Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен жыр әлемінде өзіндік орны бар тараздық ақын Айша Көпжасарованың 85 жылдық мерейтойына арналып «Айшаның айшықты нақыштары» тақырыбында сыр кеші ұйымдастырылды.Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға ақынның өмірбаянына тоқталып,шығармашылығы туралы насихаттап ,оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Мақсаты:ақынның өмірі мен шығармашылық жолын оқырман қауымға таныстыру,сырлы,сезімге тола жырларын насихаттау,кітаппен кітапхана арасындағы байланыстың үзілмеуін,кітаптың құндылығын дәріптеу,оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.