«Имандылық – ізгілік негізі» кездесу кешін ұйымдастырып өткізді.

23 қыркүйек күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Имандылық – ізгілік негізі» кездесу кешін ұйымдастырып өткізді.

Іс-шараға найб-имам Ерғазы Өмірханұлы шақырылды. Кездесу барысында имандылықтың адам өміріндегі маңызы, әдептілік пен тәрбиенің мәні, ата-ананы құрметтеу, Отанды сүю, мейірімділік пен қайырымдылық жасау жөнінде тағылымды әңгімелер айтылып, білімгерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кеш қонағы жастарды адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге, үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге, білім мен тәрбиеге ұмтылуға шақырды.