«Жамбыл жырын жүрекпен жырлайық» шығармашылық байқауы өтті.
22 қыркүйек күні аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында қазақтың ақыны, жыр алыбы, халық поэзиясының көрнекті өкілі Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жамбыл жырын жүрекпен жырлайық» шығармашылық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:жас ұрпаққа Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, ақынның мол әдеби мұрасын дәріптеп, көркем сөзге деген қызығушылықтарын арттыру және жас таланттарды қолдау.
Байқау барысында қатысушылар ақынның өлеңдері мен шығармаларын мәнерлеп оқып, ақынның шығармашылық мұрасынан өз білімдерін ортаға салды.
Іс-шараға мәдениет мекемелерінің өкілдері, аудандық аналар алқасының мүшесі, кітапханашылар, оқушылар, білімгерлер қатысты.
Төрт кезең бойынша ұйымдастырылған байқауда
I орын Жандарбек Расул
II орын Тоқтар Айзере
IIIорын Сағынтай Ақнұр иеленді. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен дипломдар берілді. Шарада «Ұлы дала ақыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге ақынның
шығармашылығына арналған кітаптар қойылды.
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған бұл байқау-ұлы ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа танытып, ұлттық рухани мұраны
дәріптеуге бағытталған тағылымды шара болды.







