«Жамбыл – ұлт рухының жыршысы» өмірбаяндық шолу өтті.
21 қыркүйек күні Оразалы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Жамбыл – ұлт рухының жыршысы» өмірбаяндық шолу өтті.
Шара барысында кітапханашы оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығы, ақындық өнері мен қазақ әдебиетіне қосқан мол мұрасы туралы кеңінен мағлұмат берді. Сонымен қатар ақынның елдік пен бірлікті, адамгершілік пен ұлттық рухты дәріптеген шығармалары таныстырылды.





