«Жамбыл Жабаев – ұлы даланың жыршысы» атты әдеби портрет
18 қыркүйек күні «Жамбыл Жабаев – ұлы даланың жыршысы» атты әдеби портрет
Тасөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жамбыл Жабаев – ұлы даланың жыршысы» атты әдеби портрет өтті.
Шара барысында Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталып, ақынның қазақ әдебиеті мен түркі дүниесіндегі орны туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды.
Іс-шараға қатысқан оқушылар ақынның шығармаларымен танысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.



