«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды

18 қыркүйек күні «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды

Шу аудандық орталық кітапханада «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының мазмұнын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Шараға Шу ауданы Мәдениет бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Алтынай Серікқызы Тұтқұшбай, Шу ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Балжан Шәкірғалиқызы Көпбаева, Білім бөлімінің әдіскері Айғаным Асқарбекқызы, Ішкі саясат бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Абдиева Зарина

Алгабековна, Медиа орталығының басшысы Медет Нұрқазұлы Атайбеков, Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Э.Нұртаева және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелді ОКЖ әдіскері Ұ. Жанабаева жүргізді. Модераторлық еткен Алтынай Серікқызы Тұтқышбай кітапта көтерілген елдің қоғамдық-саяси дамуы, әділетті қоғам қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік және жастардың ел болашағына қосар үлесі туралы ойларға тоқталды.

Қатысушылар еңбектің бүгінгі қоғам үшін маңызына назар аударып, жастардың кітап оқып, ондағы тұжырымдарды саралап, өзіндік көзқарасын қалыптастыруының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А. Райымқұлова кітапқа библиографиялық шолу жасап, қатысушыларды еңбектің мазмұнымен таныстырды.

Дөңгелек үстел мазмұнды пікір алмасуға ұласып, кітаптың қоғамдық ойды дамытудағы маңызы кеңінен талқыланды.

Возможно, это изображение текст