«Кітаппен өткен ғажайып күн» атты оқу марафоны өтті.

18 қыркүйек күні №1 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен Төле би атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Кітаппен өткен ғажайып күн» атты оқу марафоны өтті.

Іс-шара барысында оқушылар өздері таңдаған көркем әдеби шығармаларды оқып, кітап мазмұны бойынша ой-пікірлерімен бөлісті. Олар өздерінің сүйікті кітаптары мен кейіпкерлері туралы әңгімелеп, оқыған шығармаларынан алған әсерлерін ортаға салды.

Сонымен қатар қатысушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен тәрбиенің қайнар көзі екендігі жөнінде пікір алмасты. Оқушылар өзара ой бөлісе отырып, кітап оқудың адамның дүниетанымын кеңейтіп, ойлау қабілетін дамытатынын атап өтті.

Оқу марафоны оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, көркем әдебиетті тұрақты оқуға ынталандыратын тағылымды шара болды.