«Қазақ ғылымының жарық жұлдызы» атты танымдық сағат өтті.
17 қыркүйек күні аудандық орталық кітапхананың «Білім» орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Марфуға Айтқожинаның 90 жылдық мерейтойына орай «Қазақ ғылымының жарық жұлдызы» атты танымдық сағат өтті.
Танымдық сағат барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылық жолына тоқталып, оның әдеби мұрасындағы туған жерге, елге, Отанға деген сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттер мен ұлттық құндылықтардың көрініс табуы туралы кеңінен мағлұмат берді.



