«Кітап оқы-ойыңды оят» кітап оқу акциясы өтті.
16 қыркүйек күні Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Е.Бекмаханов мектеп-гимназия оқушыларының қатысуымен «Кітап оқы-ойыңды оят» кітап оқу акциясы өтті. Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, олардың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген құштарлығын арттыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру арқылы рухани бай, шығармашыл және ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу.





