«Қара сөз дарабозы» ақпараттық тайм ұйымдастырып өткізді.

15 қыркүйек күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақтың көрнекті жазушысы, белгілі қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында «Қара сөз дарабозы» ақпараттық тайм ұйымдастырып өткізді.

Іс-шара барысында оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылық жолы, қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы ақпарат берілді. Қ. Жұмаділовтің тарихи тақырыптағы шығармалары таныстырылып, оның әдеби мұрасының маңызына тоқталды. Сонымен қатар жазушының белгілі «Тағдыр» романы туралы қысқаша мәліметтер ұсынылып, қатысушылар жазушының шығармашылығына қызығушылық танытып, өз ойларымен бөлісті.