«Ақиқат сөз – ғасырдан ғасырға» атты онлайн вебинар ұйымдастырылды.

14 қыркүйек күні Абай ауылдық кітапханасында қазақ баспасөзінің тарихында өзіндік орны бар «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының жарық көргеніне 105 жыл толуына орай «Ақиқат сөз – ғасырдан ғасырға» атты онлайн вебинар ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушыларға журналдың тарихы, қалыптасу кезеңдері мен ұлттық журналистикадағы маңызы туралы ақпарат берілді. «Ақиқат» журналының алғашқы саны 1921 жылдың 15 қыркүйегінде Орынбор қаласында «Қызыл Қазақстан» деген атаумен жарық көрген. Әр жылдары басылым атауын өзгертіп, 1991 жылдан бастап «Ақиқат» атауымен шығып келеді.

Вебинарда журналдың ел тарихын, қоғамдық-саяси мәселелерді, әдебиет пен мәдениетті насихаттаудағы қызметі сөз болып, басылым беттерінде еңбек еткен белгілі қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері туралы мәліметтер айтылды.