Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында Амангелді орта мектебінің оқушыларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
14 қыркүйек күні Алға ауылдық кітапханасында қазақтың белгілі күйші-композиторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында Амангелді орта мектебінің оқушыларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме барысында оқушыларға «Ерке сылқым» күйімен әлемге танылған өнер иесінің өмірі мен шығармашылығы, ұлттық өнерге қосқан үлесі туралы мағлұматтар берілді.




