«Халықтың сүйіктісі Аяз ақын» әдеби подиум ұйымдастырып өткізді.
11 қыркүйек күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері ақын, әнші, Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, термеші, композитор Аяз Бетпаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Халықтың сүйіктісі Аяз ақын» әдеби подиум ұйымдастырып өткізді. Аталған шарада ақынның шығармашылық жолы, өлеңдері мен әдеби мұрасы таныстырылып, өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер берілді. Оқушылар да іс шараға белсене қатысып, шығармаларынан үзінді оқыды.




