«Ана тілі- ұлттың жаны» мәнерлеп оқу өткізілді.

9 қыркүйек күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ана тілі- ұлттың жаны» мәнерлеп оқу өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға қазақ тілінің тарихы, қалыптасуы мен ұлттық құндылық ретіндегі маңызы туралы түсінік берілді. Ана тілін ардақтау – әр азаматтың парызы екені айтылып, тілдің ұлт руханиятындағы орны кеңінен насихатталды. Оқушылар қазақ ақын-жазушыларының тіл, Отан, елдік пен ұлттық рух тақырыптарындағы өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.