«Бақытты отбасы болудың негіздері» атты отбасылық кездесу өтті.
8 қыркүйек күні Оразалы ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің ата-аналарының қатысуымен «Бақытты отбасы болудың негіздері» атты отбасылық кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластықты, түсіністік пен мейірімділікті нығайту. Қазіргі қоғамдағы отбасының рөлін түсіндіру, шаңырақтағы татулық пен берекенің негізгі қағидаларын дәріптеу.



