«Тіл – баға жетпес мұра» атты танымдық сағат өтті.

4 қыркүйек күні Абай ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының қабылданған күніне орай «Тіл – баға жетпес мұра» атты танымдық сағат өтті.

Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тілге деген сүйіспеншілік пен құрмет қалыптастыру.