«Өз тілің – бірлік үшін, өзге тілің – тірлік үшін» атты «Жұлдызды қазына» танымдық шарасы өткізілді.

4 қыркүйек күні 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тілің – тірлік үшін» атты «Жұлдызды қазына» танымдық шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, көптілділіктің маңызын насихаттау және өзге тілдерді үйрену арқылы білім көкжиегін кеңейтуге ынталандыру.