«Тіл – халық қазынасы» атты оқушылар арасында байқау өтті.

4 қыркүйек күні Шоқпар ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастырушысы және ауылдық кітапхана қызметкерімен бірігіп 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – халық қазынасы» атты оқушылар арасында байқау өтті.

Мақсаты: Оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тілге деген сүйіспеншілікті арттыру. Қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін насихаттап, оқушылардың сөздік қорын молайту, сауатты сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.

Тілдер күніне орай ұйымдастырылған «Тіл – халық қазынасы» атты байқау барысында оқушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынады. Іс-шара барысында тіл туралы қанатты сөздер айтылып, қазақ халқының тіл байлығына қатысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен тұрақты сөз тіркестері қамтылды. Қатысушылар өздерінің білімдерін, тапқырлығы мен шешендігін көрсетті.

Байқау соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, жеңімпаздарға арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.