«Тілім менің – тірлігімнің тірегі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
4 қыркүйек күні «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» тәрбие сағаты
Еңбекші ауылдық кітапханасында «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, туған тілін сүюге, құрметтеуге және ардақтай білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, қазақ тілінің ұлт өміріндегі маңызын насихаттап, ана тілін күнделікті өмірде дұрыс қолдануға шақыру.
Тәрбие сағаты барысында қатысушылар ана тілінің адам өміріндегі орны мен маңызы туралы ой бөлісіп, қазақ тілінің байлығы мен құндылығы жайында пікір алмасты. Ана тілін сақтау, құрметтеу және кейінгі ұрпаққа аманат ету – әр азаматтың парызы екені айтылды.

