«Тіл – татулық тірегі» атты тәрбие сағаты өткізілді.
4 қыркүйек күні 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай Көкқайнар ауылдық кітапханасында Саттар Естемесов атындағы мектептің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл – татулық тірегі» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Шара барысында оқушылар тіл туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айтып, өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар туған тілге деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, өз елін, жерін құрметтейтін отансүйгіш ұрпақ болуға бағыт алды.




