«Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты мәнерлеп оқу шарасы өткізілді.
4 қыркүйек күні 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай №2 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты мәнерлеп оқу шарасы өткізілді.
Шара барысында қатысушылар қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін танытып, тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, өз өнерлерін ортаға салды.



