«Тілді ұмытпау – елді ұмытпау» атты әдеби-танымдық сағат өткізді.
4 қыркүйек күні 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай Қонаев ауылдық кітапханасының қызметкері Д.Қонаев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушыларымен «Тілді ұмытпау – елді ұмытпау» атты әдеби-танымдық сағат өткізді.
Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, қазақ тілін құрметтеуге, оны таза әрі дұрыс қолдануға баулу, тіл арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.




