«Кітап – адамзат ақыл-ойының інжу-маржаны» тақырыбында қызықты кітап оқу сағаты өтті.

28 тамыз күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Кітап-рухани құндылық» ұзақ мерзімді мақсатты кітапханалық жоба аясында ,оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру мақсатында «Кітап – адамзат ақыл-ойының інжу-маржаны» тақырыбында қызықты кітап оқу сағаты өтті.

Іс-шара барысында кітаптың адамзат тарихындағы орны, білім мен тәрбиенің қайнар көзі екендігі туралы айтылды. Қатысушылар өздері оқыған қызықты кітаптарымен таныстырып, сүйікті шығармаларының мазмұны мен кейіпкерлері жайлы ой бөлісті.

Кітап оқу сағатында көркем әдебиет, балалар әдебиеті және танымдық шығармалардан үзінділер оқылып, «Кітап – білім бұлағы», «Мен оқыған кітап» тақырыптарында пікір алмасу жүргізілді. Сонымен қатар қатысушыларға кітап таңдау және кітапты ұқыпты пайдалану жөнінде кеңестер берілді.

Кітап оқу сағаты қызықты әрі мазмұнды өтіп, қатысушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырды.