«Техника туралы қызық дерек» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды.
25 тамыз күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында «Техника туралы қызық дерек» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Бүгінде техника адам өмірінің барлық саласында еніп отыр. Телефон арқылы ақпарат іздейміз, компьютермен жұмыс істейміз, интернет арқылы білім аламыз, түрлі цифрлық бағдарламаларды пайдаланамыз. Заманауи технологиялар адамның мүмкіндігін кеңейтеді.


