«Жарқыра менің жұлдызым» атты тәрбие сағаты өтті.

24 тамыз күні Шу қалалық №2 кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың жыр аққуы атанған көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Айтхожинаның 90 жылдығына орай «Жарқыра менің жұлдызым» атты тәрбие сағаты өтті.Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы, қазақ әдебиетіндегі алар орны, поэзиясының өзіндік ерекшеліктері туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар Марфуға Айтхожинаның сыршыл да нәзік, жүрекке жылы тиер өлеңдері мәнерлеп оқылып, ақынның шығармашылығына шолу жасалды