«Тарих пен әдебиет қазығы» атты тұлғатану сағаты өтті.

21 тамыз күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы әрі алаштанушы Тұрсын Жұртбайдың 75 жылдық мерейтойына орай «Тарих пен әдебиет қазығы» атты тұлғатану сағаты өтті.

Іс-шара барысында қазақ әдебиетінің тарихын, Абай мен Мұхтар Әуезов шығармашылығын, сондай-ақ Алаш қайраткерлерінің мұрасын терең зерттеген ғалымның өмірі мен шығармашылық жолы кеңінен таныстырылды.