«Спорт – денсаулық кепілі» атты танымдық сағат өткізілді.

21 тамыз күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында Қазақстанның Спорт күніне орай өскелең ұрпақты спортқа баулу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Спорт – денсаулық кепілі» атты танымдық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында Қазақстандағы спорттың дамуы, спорттың адам денсаулығына тигізер пайдасы және еліміздің спорт түрлері туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар қазақ елінің көк туын әлемдік додаларда желбіретіп жүрген спорт саңлақтары таныстырылып, олардың жетістіктері жайлы мағлұматтар берілді.

Кітапхана қорындағы Қ. Әбілдиновтің «Ел намысы бір кеудеге сыйған ба?», П. Матущактың «Қазақша күрес», С. Сыбанбайдың «Ала доптың аламаны», «Қазақ олимпиадашылары» атты кітаптарына шолу жасалып, оқырмандарға таныстырылды.