“Денсаулық сақтаймыз – өзімізді баптаймыз” “Эко саяхат” сағаты өткізілді.

20 тамыз күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 21 тамыз – Спорт күніне орай бүлдіршіндерге арналған “Денсаулық сақтаймыз – өзімізді баптаймыз” “Эко саяхат” сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.Кітапханашы түрлі дене жаттығулары мен дене шынықтыру түрлерін көрсетіп, балалармен бірге көңілді флешмоб ұйымдастырды.

Дені сау ұрпақ – еліміздің жарқын болашағы!