«Абылай хан – тарихи тұлға, көшбасшы және саясаткер» атты тұлғатану сағаты өткізілді.
18 тамыз күні №1 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, ұлы хан Абылай хан туралы жас ұрпаққа кеңінен мағлұмат беру мақсатында «Абылай хан – тарихи тұлға, көшбасшы және саясаткер» атты тұлғатану сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында Абылай ханның ел басқарудағы көшбасшылық қасиеттері, көрегендігі мен дипломатиялық шеберлігі туралы айтылды. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері тарихи тұлғаның өнегелі өмірі мен мемлекет басқарудағы ұстанымдары жөнінде ой бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара соңында Абылай ханның қазақ тарихындағы ерекше орны, елдің тәуелсіздігі мен бірлігін нығайту жолындағы еңбегінің маңызы атап өтілді. Тұлғатану сағаты жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.


